Басты міндет – жұмыспен қамту

Халықтың жұмыспен қамтылуы – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда Арқалық өңірінде де ілкімді шаралар қолға алынған. Бұған әрине мемлекеттік бағдарламалар үлкен серпін беруде. Жағдаймен жақынырақ танысу үшін біз тиісті мекемелердің басшыларына жолығып, атқарылып жатқан жұмыстарды да көріп танысқан едік.
ГКүлбақыт Омарова, "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" басшысы:
–  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан–2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сай жұмыс жасаудамыз. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталығына 499 адам өтініш білдірді. Оның 5-і жұмыстан қысқарғандар. Бір аптада 44 адам жұмыс-қа орналастырылды. Жыл басы-         нан бері 372 адам. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 72 адам. Қазіргі таңдағы жұмыссыздар саны 154. Оның 10-ы қайта мамандыққа оқытылуда. Қоғамдық жұмыстарға 86 адам қатысуда. Олар: "Тазарту" (70%), "Іскер-Арқалық", "Арқалық азық-түлік компаниясы", "Шаруашылық-А" ЖШС қарауында еңбек етеді.
Бүгінде Арқалық өңірінде 41 мыңнан аса тұрғын бар. Олардың 50%-ы ауылды жерлерде тұрады. Еңбекке қабілетті 21 мыңнан аса адамның 19 мыңнан астамы жұмыспен қамтылған. Өзін-өзі қамтып отырғаны 2 мыңға жуық. Оның 60-70%-ы ауылдық жерде тұрады. Қазіргі таңда осы өзін-өзі қамтып отырған халықты жұмыспен қамту шаралары жасалуда.
ККенжебай Бейсенбаев,  "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі" МКК басшысы:
Бірінші бағыт: "Жұмыспен қамту-2020" жол картасының "Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету". Биылғы жылдың жарты жылдығынан бастап бір инфрақұрылымдық жоба – Ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы (Родина ауылы) іске асырылмақ. Осы жобаға 102,635 млн. теңге бөлінді. Қаралған жобаға 32 адам жұмыс істейді. Оның ішінде  жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам жіберілді.
Екінші бағыт: "Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту". 2012-2014 жылдар аралығында бағдарламаны іске асыру уақытынан бастап ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін 27 қатысушыға 56,2 млн. теңге шағын несие берілді. 2014 жылға шағын несие алуға 12,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Шағын несие екі транш бойынша беріледі.                
Бірінші транш бойынша: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 5 қатысушыға 8,4 млн. теңге көлемінде шағын несие: Д.Әбілдин (Фурманов ауылы), Б.Айтжанова (Восточный), А.Ерғалиева (Ашутасты) мал шаруашылығын өркендетуге; А.Бөлтірік (Арқалық қаласы) жиҺаз цехын ашуға; К.Сейдағалиев (Родина ауылы) шағын нау-байхана ашуға берілмек.
Екінші транш бойынша: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ 2  қатысушының жобасын мақұлдады. Бүгінгі күні 7 адам тағы несие алуға тілек білдіруде. Сонымен қатар "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобаларға тұрақты жұмысқа 7 адам алынады деп жоспарлануда.
 Өз-өзін жұмыспен қамтыған адамдардың ішінен 2 қатысушы Қостанай қаласында кәсіпкерлік негіздерін бітірді. Қазіргі уақытта олар жеке кәсіпкерлік тіркеуінен өтті, 2 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Үшінші бағыт: "Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу". ӘЖО (әлеуметтік жұмыс орындары) субсидиялауына 30 қатысушыға 5890,0 мың теңге қарастырылған. Айлық жоспар бойынша 19 қала мекемелері мен  кәсіпорындарына 62 адам  жұмысқа орналастырылды. 2014 жылдың маусымына дейінгі аралықта 752,0 мың теңге, шілде айына 606,0 мың теңге 100% жоспар бойынша игерілді. Барлық игерілген қаражат көлемі 1358,0  мың теңгені құрады.
2011-2013 жылдарда әлеуметтік жұмыс орындарына 233 адам қатысып, оның 15-і (65%) тұрақты жұмысқа орналасты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓