Егіс науқаны аяқталды
Бұл туралы аймақтық ауылшаруашылық басқармасы хабарлады. Осы жылы қостанайлық диқандар 4,5 млн гектардан астам жерге тұқым септі.
Хабарламада биылғы дала жұмыстарының толассыз жауындар мен танаптағы көлкіген судың кесірінен қиынға соққаны айтылады. Бұл кедергілер диқандардың шығын көлемін ұлғайтуларына және дән себу мерзімін созуларына мәжбүр етті. Естеріңізге салайық, ауылшаруашылық дақылдарын егу 15 мамырда басталған еді. Сол айдың соңында жауын-шашынға байланысты жұмыс уақытша тоқтатыла тұрды. Әсіресе, облыстың теріскей аудандарындағы жағдай мәз болмады. Ал, Аманкелді, Науырзым, Әулиекөл, Меңдіқара аудандары егіс науқанын алғашқы болып аяқтады.