Көптен күткен жол

Ауа райының жылынуымен Рудныйда жолдарды орташа жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бүгінде қаланың ескі бөлігі мен жеке сектордың тұрғындары көптен күткен игілікке қол жеткізіп отыр. Мұндағы көп көшелер пайда болғалы асфальт көрмеген.aсфальт
Осы уақытқа дейін жергілікті биліктің басты назары орталық көшелерде болды. «Жылы асфальт» технологиясы, заманауи балалардың ойын алаңы, ақылды жарық сияқты жаңалықтардың барлығы ескі қаланың тұрғындары үшін арман еді. Енді сең қозғалған сияқты.
Бас мердігер «АБЗ Плюс» ЖШС мамандары мен техникасы Горняков, Свердлов, Топорков, Пионерская көшелерінің ауласында жұмыс істеп жатыр.
«Жылы асфальт» технологиясы әдеттегідей ыстық қоспаларға ұқсас жылы асфальт-бетон қоспаларын алуға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – энергияны 25 пайызға, ал жол құрылысына жұмсалатын шығынды 5 пайызға үнемдеуге болады. Сондай-ақ ол технология атмосфераға тарайтын зиянды түтін мен газдың мөлшерін барынша азайтып, еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.асфальт2
– Төсеніш сапалы шығу үшін тек жаңбырсыз күндері жұмыс істеп келеміз. Әзірге белгіленген жоспардың тең жартысын орындадық. Жұмыс күші мен техника жеткілікті. Кепілдік үш жылға беріледі. Осы уақыт ішінде кез келген кемшілікті өз қаражатымызбен жөндеуді мойынымызға аламыз, – дейді серіктестік директорының орынбасары Игорь Пак.
Еске сала кетейік, биыл жолдарды орташа жөндеуге қазынадан 900 млн теңге бөлінді. Оның 700 млн теңгесі Рудныйға тиесілі болса, қалған қаражат Қашар кентіне жұмсалмақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓