“Өзгелерден кем болмау – Атадан қалған аманат…” немесе Қыпшақ Қитаба асындағы әңгіме
Су тасып па? Ел қалай?..
Міне, осындай сауалдарды елге барған әр адамға қоямыз. Себебі, туған жерге, елге деген жұмыр басты пенденің өне-бойындағы шын риясыз сағыныш сезімі ылғи дфа алабұртып, өзіне тартып тұрады.
Сол баба – Торғайдың қай қуысына барсаң да, әулиелі Тосынды, шежірелі Аққұм мен Айыр-құмды, киелі Қарақұмды қоныс-танған байырғы жұрттан қалған бейіттерді байқайсың. Байқайсың да, қалың ойға шомасың. Бұл жерлерде намысын нанға сатпаған кешегі баһадүр батырлар, тарихқұмар жандар, атқан таң, батқан күнмен таласып еңбек еткен ерен ерлердің іздері қалған. Әулие-лігімен, данышпандығымен ар-ғын-қыпшаққа аты шыққан сондай жандардың бірі – Қитаба қыпшақтың ішіндегі Ақпанұлы Қазыбай әулие.
Ата атын атап, аруақ шақырып, алыстағы-жақындағы ағайынның басын қосып, үлкендерін бір-бірімен табыстырып, кішілерін бір-бірімен таныстырып, бауырмалдыққа баптайтын игілікті істеріңізге осы елдің сыртта жүрген азаматының бірі ретінде шынайы ризашылығымды білдіремін. Кез келген дүние өзінен-өзі болмайды. Кез келген халықтық іс батылды бастамашысының, ақылды қостамашысының, қабырғалы елінің қолдауымен болады. Бүгінгі ас та солай. Сондықтан да ниеттеріңіз қабыл, сауаптан болғай!
|
Бұл туралы газетіміздің бұған дейінгі санында (Қазыбай әулие және ел азаматтары, Қостанай таңы, 29 тамыз, 2014 жыл) қарт журналист Әмірхан Абдуллин ағамыз егжей-тегжейлі жазған еді. Жуырда Қитаба қыпшақтар Қазыбай әулиені еске алып, Жанкелдин ауданының Аралбай ауы-лында баба кесенесін көтеріп, ас берді. "Түркі халықтарының көрген-білгендерін толғайтын ақын-жыраулардан, қайғылы да қуанышты күндерде пайда болатын мағынасы терең мақал-мәтелдерден мысалдар келтір-дім, енді мұны пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін", – деп Махмұт Қашқари айтқандай, мұндағы бас-ты мақсат – қитаба қыпшақ балаларының басын қосу, аруақтарға бағыштап құран-хатым түсіру, Қазыбай әулие бабаны еске алып, дұға оқу. Ұрпақты "жеті атасын білмеген жетесіздіктен" сақтандыру. Тұрмыс тауқыметімен тарыдай шашылып кеткен ұрпақтар ертеңгі күні біреулер "қай жерденсің, елің қайда, тегің кім?" дегенде, түк түсінбей, мәңгүрттік күй кешпесін, шыққан руын, негізін біліп, кейінгіге жеткізсін деген ниет. Жастарды туыстыққа, достыққа, туған елін, жерін сүюге, бауырластыққа баулу, бірлікке шақыру.
Қитаба қыпшақтардың асында ауыл ақсақалы Рақымжан Бектұр-ғанұлы Қыпшақ шежіресіне тоқталып, қалың қыпшақ арасынан батыр да, ақын да, би мен шешен де шыққанын, қоғам қайраткерлерінің де баршылығын айтып, олардың ішінде Қостанай өңі-рінде туып-өскен батырлар мен би-шешендерге, ақын-жазушылар мен ғалымдарға жеке-жеке тоқталып өтті.
– Шежіреге қарасақ, Қитабаның Ақпанынан тарайтын Қазыбайдың аты ерекше аталады, – деп Рақымжан ақсақал Қазыбай баба жайына ойысты. – Көзі тірісінде байлығы мен батырлығы қоса байқалып, көрегендігі мен әулиелігі, шешендігіне елі риза болған Қазыбай бабамыз ХVII ғасырдың екінші жартысында осы Торғай өңірінде, қазірігі Аққұм жерінде 1664 жылдары дүниеге келіп, 78 жас шамасында өмірден өткен. Сол Қазыбай әулиеден он бір ұрпақ тарап, он бір ауылға бөлініп, кейбіреулері жеке руға айналған. Бабамыздың Алушы, Алдияр атты балалары "Қарақалпақ" деген атпен жеке ру болып тараған (Қарақалпақтан алған әйелінен туған ұрпақтары).
Кезінде олар 30-50 түтін болып өсіп-өрбіген. Қазыбайдың жаугершілік заманда біраз жерде бол-ғандығын Өлкейік, Тосынбай, Тор-ғайбай, Сеңгірбай деген балаларының есімдерінен де байқауға болады. Алушы, Қылыш, Алдияр деген есімдер жорық жағдайына байланысты қойылғанын да аңғару қиын емес.
Қитабаның Қазыбайы ел қамқоршысы, ақылман, алдағы күнді болжағыш жан болғанын мына бір жайттан да байқауға болады: Бір жолы көш "Баян-Таңат" руы ауылының үстінен өтіп бара жатқанда, Қазыбай сырқаттанып, көшін тоқтатуға бұйрық береді. Туыстарын жиғызып:
– Мен бір-екі күнде дүние саламын. Сүйегімді осы жерге қойыңдар, – дейді. Туыстары "бұнысы несі" деп абдырап қалады.
– Сіз атақ-абыройы бар кісісіз. Ал, мына қорымда бүкіл маңайға әйгілі Әулие қыз жерленген. Ертең атыңыз аталмай қалады ғой, – депті шыр-пыр боп туыстары.
Сонда терең тыныстап алып Қазыбай:
– Оған уайым жеп қайтесіңдер! Кімнің әулиелігі басым болса, соның аты аталады, – депті.
Ақыры сол қорым "Қазыбай қорымы" аталып, сол жерге Алладан тілек тілеп келген науқас адамдар түнеп, жазылатын болыпты. Тіпті, топалаң, қарасан тиіп індетпен келген малды да осы қорымда аластапты.
…Асқа бәрі құшағын жайып келді,
Бізбен бірге ырыс пен байлық та енді.
Қитабаның түссін аунап балалары
Ақпан, Сұнтай, Қара мен Қайыпберлі.
Ұжымақта ашылсын алтын қақпа,
Артындағы кенелсін халқы баққы.
Аруағы риза болсын Сырлыбайорыс,
Тисін сауап Бессары, Сартымаққа.
…Періште қабіл етсін халық үнін,
Аруаққа бас иді бәрі бүгін.
Қитаба балаларын біріктірген
Ел атынан мың алғыс, Ғалым інім…
(Аста оқылған өлеңнен үзінді.)
|
Рақымжан ақсақал телегей теңіз әңгіме айтып, асқа жинал- ған қауымды өзіне тартып алды. Ол тек Қазыбай әулиенің төңіре-гінде ғана емес, жалпы, Қыпшақтың Қитабасынан тарайтын ұрпақтар жайында өсиетті сөз айтты. Сарыгөт, Қара, Сұнтай, Ақпан, Қосай, Сартымақ, Бессары арасынан шыққан елге беделді, ұлты үшін еңбек еткен жандардың бірсыпырасын тізбектеп, сол жерде жиналған жас ұрпаққа өнегелі, ғибратты әңгіме шертті. Тіпті, сөзінің соңын рухты, әдемі жырмен ұластырды:
Өткен іске салауат,
Бүгінгіге қанағат.
Өзгелерден кем болмау –
Атадан қалған аманат.
Анадан сіңген мінезім –
Ізеттілік, инабат.
Бізге жағар іс емес
Рушылдық деген ат.
Өз атасын сүйгені –
Өзгеге деген парасат.
Олар да туыс-жамағат,
Олар да біздей азамат.
Қазақ болған халықтың
Ол бір өткен кезеңі
Өз атасын білмеуі –
Мәңгүрт күйге енгені.
Өз атасын білгені –
Азамат болып жүргені.
Өзге жұртты білгені –
Кемел шаққа келгені.
Жағына қарай сөйлеген,
Жасына қарап атырған
Үлгі болар ісі көп,
Кемісіңді толтырған.
Қазақтың дәстүр-салтынан,
Айрылмай арда қалпынан
Әкеміз жазған асылды
Бағалы дейміз алтыннан!
Тыңдаған ұйып сөзімді
Айналайын халқымнан!..
Сол мезетте ұйып тыңдап отырған нөпір ел рухтанып, Рақымжан ақсақалды қошеметтеп кетті.
Бұл асқа барлық Қитаба қыпшақтың басын қосып, "көп түкірсе көл боладының" қамын жасаған Баймағанбетов Ғалым ағамызды аз-кем әңгімеге тарттық.
– Осы жасаған игі ісіміз, міне, қарадомалақ ұрпақ қамы, – деп Ғалекең біраз ойланып қалды. – Қазақ ең әуелі өзінің тегін білуі керек. Елін, жұртын, қатар жүрген досын құрметтеуі ләзім. Барлығы да қазақи салтымыз бен дәс-түрімізде жатыр. Осы Қитаба қыпшақтың елінде маған сенсеңіз, ірілі-ұсақты 46 мешіт болған. Атап айтсақ, Жүзбай Сәрсенбек, Туғанбай, Момынбай, Бұқарбай мешіттері. Сол мешіттерден тәрбиеле-ніп өскен ұрпақ бүкіл Торғай тө-ңірегіне имандылықтың дәнін екті.
Иә, Ғалым аға сөзінің жаны бар. Себебі, Қазыбай әулие бас болып, елін-жұртын ата-дәс-түрінен, мұсылмандық жолынан жаңылдырмай, имандылықты ту етіп берік ұстады. Одан кейін Тор-ғай өңіріне танымал Оспан қожа бабасы Азынаұлы Малтабар сол дәстүрді жалғады. Келешек ұрпаққа аманат етті…
Қитаба қыпшақтың бұл асына ұрпақтары белгілі жазушы, тарихшы-ғалым Қойшығара Салғарин, жиені танымал ақын, ғалым Се-рікбай Оспанұлы, талантты композиторлар – Бақытжан Сәуекенов, Қалибек Деріпсалдин, айтыс ақыны Бүркіт Бекетов қатысты. Балуан күресіп, ат жарысынан бәйге ұйымдастырылды. Барлығына демеушілік көрсетіп жүрген жомарт жандар – Балғабай Қабжанов, Хамит Шакин, Талғат Әмірхамзиндерді де көзіміз шалды. Концерттік бағдарламада Қалибек Деріпсалдин бастап келген өнерпаздар Айтан Сейдахметов, Жазылбек Оңдағанұлы және басқалары өнер көрсетті.
Ақсақалдарымыз Кәкімжан Кәрбозов, Ибраһим Ағытаев, Қабжәлел Әлібеков сөз сөйлеп, Қитаба қыпшақтан шыққан Есенжол Жанұзақұлы, Төлен Әбдіков, Қойшығара Салғарин, Қоғабай Сәрсекеев, айтыскер ақын Әлпия Орманшина сияқты ақын-жазушылар мен батырларға тоқталып, келелі әңгімесін айтты.
Нұрболат
Мешітбаев
Баба басына тәу еткен ұрпақтары
Ақпанұлы Қазыбай әулие кесенесі
Білекті балуандар бәсекесі
Менің әкем Ақпаннан Қазыбай,Қазыбайдан -Төке , Төкеден -Төлеу, Төлеуден өзі Сайын деп үйрететін, өзі 5 ағайынды Ағынбек, Бағынбек,Сағынбек, Ағынбай және өзі, Төлеуден қалған ұрпақтар Сыр мен Оңтүстікте бармыз, бірақ көп емеспіз. Аталарымыз Сыр бойы Шиеліге 1918 жылдары ауып көшкен, Әкем Сайын1980 жылы соңғы рет Южный совхозына (қазіргі Байтұрсынов кеңшарына) барып келіп, ауырып 77 жасында қайтыс болды. Атамның ағасы Ағынбай (ол атам шамамен 1898 жылы туылған) Қазыбай атамыз туралы мынандай әңгіме айтатын еді: Қазыбай атамыз төсегін жинатпаған кісі еді, бірде атамыз сыртқа шығып кеткенде, ең кіші тоқалы жастығын көтеріп қалғанда, Қазы ұшып кетеді. Мұнын көрген атамыз, бұл ұшқан Қазы мәңгілікке емес бір замандарда ұрпағыма оралып, ырыс-құт әкеледі деп айтқан екен. Сол жақсы замандар бүгінгі күн шығар Иншаллах, Елден жырақта жүрсекте Ниетіміз елдің қамы, Қазыбай атамызға арнап берген астарыңызда жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Атадан тараған ұрпаққа, осы сауап істің басында жүрген ағаларға АллаҺтың нұры жаусын!
Менің атым мейыржан мен кыдырбек көкенің немересімін менің атам ажемді алып кашканда.Сіздің акеніз Сайын ата хабаршыға барыпты
Ассалаумағалейкум бауырлар! Есімім Асылбек Көшербайұлы Есенбаев. Руым Сұнтай. Сұнтай руының шежіресін іздеп жүр едім. Жеті атамызды түгендегім келеді. Білетін көненің көзін көрген жандар болса, хабарласуларын өтінемін. 8 701 581 64 13
Менде сунтаймын менде издеп жатыр едим
Мен Дабиев Төрехан Байзақұлымын, Таразда тұрамын .мен қыпшақтан тараған қитабаның ұрпағымын бірақ арықарай кімнен тарағанын білмимін Даби атам жетим болган, əкесиниң аты Есенжол.Даби атаның 3 ұлы бар Өмірзақ,Байұзақ,, Жанұзақ .Даби атамыздың айтуынша балаларының атын өзінің аталарының атын қайталап қойған екен . 7 аталарымды білгім келеді .Даби атам Қостанай обл. Торғай жерінін. Совет одағында Таджикистанға қызметпен жіберілген 3 совхоздың басшысы болған , сосын жаман ауруға шалдығып Жамбыл ауданына қоныс аударылған содан осындамыз Таразда
Əмірхан Абдуллин жөнінде мәлімет алуға көмектесесіздерме
Амірхан ағанын баласы Арман Абдуллинди танимын
87085162987
Мен Қитаба-Сарыкөттен тараймын .Ары қарай тарататын кисилер болса жаксы болар еди 87016584443 Астанада тұрамын.
Мен сыр өңіріне ертеректе көшіп келген ата бабалардың ұрпағымын.Сыр өңіріне ертеректе70 шаңырак көшіп келген деседі аталарымыз сол шаңырактан калған ұрпактар казир қызылорда да жане шиелі алғабас ауылдарында тұрады.
Менің жеті атам Қазанғап,Шолақ,Итемген,Жолдыбаи,Қадырбек,Қыдырбек,Азамат.