Шаттыққа кенелер кез

Бүгін рудныйлық оқушылардың алғашқы легі жазғы демалыс лагерлеріне аттанды. Алтынсарин ауданындағы қарағайлы орманда орналасқан «Чайка» және «Орленок» орталықтары Рудный мен Лисаков қалаларында зор сұранысқа ие. Өйткені мұнда балалардың уақытын қызықты, әрі тиімді өткізу үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған.4
– Менің ұлым лагерге екінші рет бара жатыр. Өткен жылы ол жақтан ұмытылмас әсер алып, жаңа достармен қауышты. Ұқыптылыққа үйреніп, үйде көп нәрсені өзі жасай алатын болды. Сол себепті биыл да баланың бетін қақпай, жолдамасын алып бердім, – дейді қала тұрғыны Айгүл Үлкенбаева.лагер
Айта кетейік, «ССКӨБ» АҚ жұмыскерлерінің балалары үшін жолдама небары 5000 теңге тұрады. Қалғанын кәсіпорынның әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы төлейді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының оқушылары үшін де білім бөлімінің жаппай оқыту қоры жеңілдіктер қарастырған.2Әр ауысымы 11-14 күнге созылатын демалыс лагерлерінде барлығы 1400 бала дем алады деп жоспарланып отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓