«Киік» акциясы басталады
2021 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында еліміздің 12 облысында кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясы өтеді. Іс-шараның бастамашылары экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Аталған ведомство басшылары «Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Акцияның мақсаты – лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Бұйрық шеңберінде акцияны өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.
«Акция барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп киік мүйіздерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және оларды елден тыс жерлерге шығару бойынша шаралар күшейтілетін болады», дейді бастамашылар.