8 жасар қыз 8-қабаттан құлады

Трагедиялық жағдай 11 маусымда Рудный қаласында болды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барған.скорая
"8-қабаттан құлап кеткен 8 жастағы жеткіншек жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Жапа шегушінің өмірін аман алып қалу бәрібір мүмкін болмас еді – аса ауыр жарақаттар алған", – делінеді хабарламада.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы облыс көлемінде жоғарғы қабаттардан құлағандар саны 54-ке жеткен.
"Балаларыңызды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыздар. Өздеріңіздің де, өзгелердің де. Темір тор, құлып немесе басқа да арнайы қорғау құрылғыларын орнатыңыздар. Үлкен қауіп масадан қорғану торларынан келеді: балалар оған сүйенемін деп, тормен бірге тысқа құлайды. Біліңіздер, олар қорғаныш емес", – деп ескертеді ведомство қызметкерлері. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓