Ауыл дүкенін тонап кеткен

Алтынсарин полицейлері бір тәулік ішінде ауыл дүкенінен ірі көлемде ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады.Полицияға Большая Чураковка ауылының тұрғыны жүгініп, 29 мамырға қараған түні азық-түлік дүкенінен ақша мен тауарлар ұрланғанын айтқан. Шығын екі миллион теңгеден асады.
Оқиға орнында полицейлер терезенің сынғанын, тордың майыстырылған, дүкен ішіндегі терминалдың бұзылғанын анықтады. Күдіктілер кассадан ұрылар 300 мың теңге, терминалдан 1,6 миллионнан астам теңге, сондай-ақ блоктап темекі  ұрлап кеткен.
Қылмысты ашу үшін полиция бөлімінде екі жедел тергеу тобы құрылды. Іске жақын маңдағы аудандар мен Қостанай қаласының жасақтары жұмылдырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 24 және 20 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар Тобыл қаласының тұрғындары болып шықты.
Сол түні олардың  ұрлық жасағаннан кейін облыс орталығына жол-жөнекей көлікпен жеткені анықталды. Қылмыскерлер жалдамалы пәтерде жетқан жерлерінде қолға түсті. Ұрланған ақшаға күдіктілер қымбат телефондар мен киім сатып алған.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓