Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасы Примьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 07 маусымдағы бұйрығымен Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып Қайрат Бабырұлы Сейтқазинов тағайындалды.Сейтказинов К.
Қайрат Бабырұлы Сейтказинов 1967 жылы 11 сәуірде Ақмола облысы, Щучинск қаласында дүниеге келген. Прокуратура, қаржы полициясы және органдарында 25 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда 18 жыл тәжірибесі бар. 1-санатты біліктілік сыныбы атағы бар.
Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.
Еңбек өтілі:
  • Көкшетау обысының прокуратурасы (1992-1997 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық полициясы департаменті (1997-1998жж.);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық полициясы комитеті (1998-2000 жж.);
  • Қазақстан Республикасының қаржы полициясының агенттігі (2000-2003 жж.);
  • Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (2003-2004 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті (2013 ж.);
  • Астана қаласы, Алматы облысы сот актілерін орындау бойынша Департаменті (2013-2014 жж.);
  • Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросының департаменті(2014-2019).
 
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, шені:
  • Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді (1985-1987);
  • Қаржы полициясының полковнигі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓