Экологиялық акция өтті
Бүгін Рудныйдың «ОӘД» сауда үйінде кең ауқымды акциясы болып өтті.


Рудный политехникалық колледжінің студенті Ерсейт Жүнісов:
-Мен әлеуметтік желілер арқылы хабарламаны көріп, үйдегі істен шыққан барлық батарейкаларды әкеліп тапсырдым. Осындай арнайы қоқыс контейнерлері болмаса мен сияқты мыңдаған тұрғын зиянды заттарды қоқысқа тастайтыны шын. Сондықтан бір пайдалы іс жасағаныма шын қуаныштымын, – дейді.
Ресурстық орталықтың жетекшісі Максим Фролов шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – тұрғындардың назарын онсыз да мәз емес қала экологиясына аударту. Себебі бір ғана «саусақты» батарея 20 шаршы метр аумақты ластап, қоршаған ортаға орасан нұқсан келтіретінін айтады.
Экологиялық мәдениентті қалыптастыруға бағытталған шара соңында ұйымдастырушылар келушілерге үнпарақтар үлестеріп, акцияға белсене қатысқандығы үшін алғыстарын айтып жатты.
Қуаныш Есқабыл