Бекіре өсіріледі

Қостанай ауданында «Бекіре өсіру» жобасы қолға алынбақ. Оған 179,9 млн теңге жұмсалуы тиіс. Бұл жөнінде аудан әкімі Ж.Таукеновтің жергілікті «ARNA news» газетінде жариялаған есебінде жазылды.Басылымдағы мәліметке сүйенсек, Қостанай ауданының Жуков ауылында жылына 2 мың тонна бройлер етін өндіретін жоба жүзеге асырылып жатыр. Инновациялық агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы құны – 595 млн теңге. Мұнда 70-тен астам жұмыс орны құрылады, бүгінде құстарды күтіп-бағуға арналған 5 ангар іске қосылған. Қазір бағымда 38 мың құс бар (жобалық қуаты – 84 мың бройлер). Кәсіпорынның толық қуатқа көшуі 2022 жылға жоспарланған.
Жергілікті газетте жарияланған Қостанай ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысында басқа да жобалардың пысықталып жатқаны жазылған. Мәселен, Садовый ауылында «Березка-Агро 2018» ЖШС жылына 7 мың тонна сүт өндіретін ферма ашуды және сүт өңдеу, ірімшік өндіру цехын салуды көздеп отыр. Жобаның құны – 710,0 млн теңге, 31 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
Тобыл қаласында «ECO CITY KZ» ЖШС қуаты жылына 40 мың тонна қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысын қолға алған. Жобаның құны – 300,0 млн теңге, 49 жұмыс орнын құрылмақ.
Сонымен қатар, Ульянов ауылдық округінде жылына 50 мың тонна құс шаруашылығы қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар өндіру жобасы іске қосылады. Оның құны – 450 млн теңге.
 
Аслан Қанғожин

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓