Мүйіз шығармақ болған
"Солтүстік" аймақтық басқармасы Қостанай шекара отрядының "Аят авто" бөлімшесі жасағы ресейлік 40 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке көлігімен "Қостанай-Мәскеу" бағытында кетіп бара жатқан. Бұл туралы ҚР ҰҚК шеара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол арқар мүйіздерін елдің арғы бетіне алып өтпек болған.

"1,5 сағаттан кейін осы отрядтың "Желқуар авто" бөлімшесінде РФ-ның тағы бір азаматы ұсталды. Ол да жеке көлігімен Қазақстанның шекарасынан бұғы мен бұлан мүйіздерін заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенген", – делінеді хабарламада.
Қолға түскен қылмыскерлер Таран және Жітіқара аудандарының ІІБ-не жеткізілді.