Ауызашар таратылды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасымен барлық өңірлерде «Ораза қоржыны» қайырымдылық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталмыш акцияға Қостанай қаласындағы Жайлаубай ата мешіті белсене үлес қосып отыр.Руханият ошағының қызметкерлері Рамазан айы басталғалы 60 үйге азық-түлік таратып үлгерді. Бүгін мешіт аумағында тағы 30 отбасыға ауызашар қоржыны үлестірілді.«Тоғыз күн ішінде 600 мың теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді. Яғни, көп балалы, аз қамтылған әр отбасыға 10 мың теңге көлемінде азық-түлік қоржынын дайындап, ауызашар ретінде үйлеріне жеткіздік. Әрине, бұған демеушілер атсалысып жатыр. Ауызашарды осылай да беруге болады», – дейді Жайлаубай ата мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов. 
Бас имамның айтуынша, акция Рамазан айы біткенше жалғасады. Алдын ала есептелгендей, қайырымдылық шарасына 1,5 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.
 
Асыл Қасым

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓