Лагерьдегі қауіпсіздік

Балалардың жазғы демалысы басталысымен қаланың жалпы білім беретін мекемелердің жанынан лагерьлер жұмыс істейді. Осыған орай Қостанай қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының және медициналық орталықтың қызметкерлері бірлесіп, балдырғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырды. Шара Физика-математикалық лицейде өтті.
Оқу барысында өрт қауіпсіздігі және судағы сақтық ережелері түсіндірілді. Құтқару құралдарының көмегімен жаттығулар жүргізіліп, алғашқы медициналық көмек амалдары, бейнероликтер көрсетілді, қағаз жүзіндегі үгіт-насихат материалдары таратылды. Шараға ұзын саны 290 адам қатысты.20190531_133510
20190531_133542
20190531_133557
20190531_133613
20190531_133448

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓