Әріптестік бағыттары талқыланды

 Өңірлік коммуникация қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің, облыстық Полиция департаментінің  қатысуымен брифинг өтті. Басқосу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әріптестіктің негізгі бағыттары» деп аталды.IMG_7418
Брифингке ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов және облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов қатысты.
– Елбасымыздың саяси жігерінің арқасында елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалды. Түбегейлі реформалардың аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа моделі қалыптасып, әлемдік стандарттарға сәйкес институттар мен механизмдер қолданысқа енді. Ішкі істер министрі ІІМ "Қоғамға бес қадам" бағдарламасын жүзеге асыру барысында  бірқатар маңызды міндеттерді анықтады. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының табысы осыған байланысты. Бұл – басшылық пен қоғам бақылайтын үлкен жұмыстың бастауы", – деп атап өтті Бекет Аймағамбетов.
Брифинг барысында Салауат Мүксімов екі ведомствоның біріге  жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің "Қол жетімділік" жемқорлыққа  қарсы күрес бойынша бірлескен іс-қимылы туралы айтып берді.
– Елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету жолында елеулі қадамдар жасалып жатыр. Қоғам құқық қорғау органдарынан одан әрі жүйелі және жан-жақты іс-әрекет күтеміз. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар әр мемлекеттік органның және оның басшысының қызметінде басым бағыт болуы қажет. Азаматтардың сенімін арттырып, сыбайлас жемқорлықтан, мемлекеттік қызметте туыстық және тамыр-таныстықтан бос қоғам құра алған жағдайда еліміздің жаңғырту тағдыры оң өзгерістерге жетеді. Полиция департаментімен бірлескен жұмысымыздың басты мақсаты – Ішкі істер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты азайту, халықпен өзара іс-қимыл процестерін цифрландыру, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру. Қойылған міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттырмақ, – деді ол.
Сонымен қатар, брифингте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қаласындағы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің басшысының парамен ұсталғаны туралы айтылды. Алайда, Салауат Мүксімов полиция офицерін ұстау себептері туралы тікелей жауаптардан бас тартты. Бұған дейін агенттіктің баспасөз қызметі Қостанай полициясы басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы шетел азаматтарынан жалпы сомасы 300 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталғандығы туралы ақпарат тараған болатын.
-Тергеу барысында осы істің мән-жайы анықталатын болады. Біздің жеке қауіпсіздік басқармасы да осы бағытта жұмыс істейді, – деп қорытындылады полиция генерал-майоры Бекет Иманұлы.
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓