Зейнеткерді көлік қағып кетті

Оқиға 4 сәуірде сағат 10.00-де Қостанай қаласындағы "Жастар бульвары" ауданында болған. Текстильщик көшесінде 68 жастағы әйелді белгісіз біреу көлігімен қағып кетіп, өзі ЖКО орнынан қашып кеткен. 
Жапа шегушінің туыстарының айтуынша, ол есінен айырылып қалған, қазір ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Жәбірленушінің бар білетіні, күдікті ашық түсті "Ауди" мінген. Бұл оқиғаға куәгер болған жандар болса, 8-707-284-53-24 немесе 8-777-284-53-24 нөмірлеріне хабарласу сұралады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓