Буккроссинг акциясы – сауда орталықтарында

Қостанайда облыстық ішкі саясат басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті және “Ruhani zhangyru” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен “KitapAll” қоғамдық буккроссинг жобасы іске қосылды.
буккросинг2
ҚМПУ-нің ректоры Еркін Әбілдің айтуынша, аталмыш әлеуметтік жобаның басты мақсаты – қостанайлықтар арасында кітаптарды уақытша пайдалануға беру арқылы оқу мәдениетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
-Біз осы жоба арқылы қала  тұрғындарының  арасында кітап алмасуды  және кітапты  оқуды насихаттағымыз келеді. Өкінішке қарай, қазіргі технологияның қарыштап дамыған уақытында кітап оқушылардың азайып бара жатқаны да жасырын емес. Ал, қай заманда болмасын  кітаптың  орны  биік тұруға тиіс. Сондықтан, бүгінгідей шаралардың қала тұрғындарының, әсіресе жастардың кітап оқуына мүмкіндік берері сөзсіз. Акцияға біздің оқу ордасының оқытушылары мен студенттері белсене атсалысты, – дейді ҚМПУ-нің ректоры Е.Әбіл.
букроссинг
буккросинг4
буккросинг3
Шараны ұйымдастырушылардың бірі – “Ruhani zhangyru” жобалық кеңсесінің басшысы Нұрбек Әбдібековтің сөзінше, аталмыш жобаны танымал ету үшін өңірге белгілі спортшылар, әртістер және блогерлер мен басқа да қоғамдық пікір көшбасшылары тартылатын болады.
-Кітап сөрелері “Қостанай плаза” және “Март” сауда ойын-сауық орталықтары мен біздің оқу ордасында орналасқан. Сауда орталықтарына орнатуымыздың себебі, өйткені бұл жерлерге адамдар көп жиналады. Сондықтан, осы орталықтарға келген кез келген адам мына көрмеден өзі ұнатқан кітабын алып, оқи алады. Тіпті, өзі оқыған оқулығын көпшілікпен бөлісуіне де болады. Осылайша, буккросингтің көмегімен біз қала тұрғындарына қарапайым іс жасауға, рухани жаңғыруына мүмкіндік бергіміз келеді, – дейді Н.Әбдібеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓