Бөлім басшысы парамен тұтылды
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қаласындағы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің басшысын күдікті деп тапты. Бұл туралы Zakon.kz сайты жазады.
Ол шетелдік азаматтардан қорғаушылық, кедергісіз тіркеу және тұрғындық рәсімдер үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Қалтасына түскен жалпы сома – 300 мың теңге. Күдікті ұсталып, уақытша қамау меемесіне жабылды. Оның қылмысының деңгейіне қатысты ақырғы шешімді сот шығаратын болады.
