Тасқынға тастүйін әзір

«Қостанай облысының аумағындағы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды тудырмау бойынша қабылданған шаралар» атты тақырыпта аймақтық коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өтті. Аталмыш кездесу барысында БАҚ өкілдерімен облыстық ТЖД басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Базарбайұлы Кәкімов сөз сөйледі.????????????????????????????????????
Оның айтуынша, көктемгі су тасқыны барлық облыс тұрғындарын, сондай-ақ мемлекеттік мүдделі органдарды да алаңдатып отыр. Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, су тасқыны қаупін сейілту, апатсыз өткізу – құтқарушылардың міндеті. Сондықтан барлық күштер мен құралдар алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған.
"Облыс әкімі 2019 жылғы су тасқыны кезеңінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға 378 млн 894 мың теңге бөлінді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 20,8 мың тонна инертті материалдар, 52,8 мың дана құм қаптары, 119,5 тонна жанар-жағар май материалдары дайындады. Тұрғын үйлерді еріген сулармен су басу қауіпін болдырмау мақсатында 1,89 млн текше метр көлімінде қар шығарылды. 18 наурыздан бастап Департаменттің дағдарыс орталығында органдарының басқару қызметінің күштері мен активтерді үйлестіру жөніндегі аймақтық жедел штаб құрылды. Штаб құрамына азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері кірді", – деді Талғат Базарбайұлы.
Су басу кауіпі ықтимал 39 елді мекен бақылауда. Оның ішінде 6 елді мекенге су алқаптардан, ал қалған 33 аймаққа өзендер мен көлдерден келуі мүмкін. Су тасқынын апатсыз өткізу мақсатында осы жылы жарылыс жұмыстары көбірек жүргізілген. 20 су қоймасында мұзды қопсыту үшін 8 ауданда жарылыстар жасалған. ????????????????????????????????????Облыстың батыс, оңтүстік және солтүстік бөліктеріндегі төтенше жағдайды болжау үшін жұмыс тобыы ұшақпен тексеріс өткізді. Әуеден түсірілген суреттер де жағдайды қадағалауға септігін тигізіп отыр. Ресей тарапынан су тасқыны көлемі жөніндегі өзара әрекеттестік ретке келтірілді.
Қостанай облысындағы 99 учаскеде 44,8 шақырым жол су тасқынына ұшырау қаупі бар. Тасқын аймақтарынан эвакуацияланған азаматтарды уақытша орналастыру үшін 1 496 орын кереует және 49,5 мың тонна азық-түлік дайындалды. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шараларының ережелері туралы халықты ақпараттандыру және оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Қауіп күшейген жағдайда облыстық әкімдікпен бірлесе отырып, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтердің күштері мен құралдарының  2 605 адамы, 1183 бірлік техника, 159 жүзгіш жабдықтар, 295 сорғы мен мотопомпалар жұмылдырылады.
Ал әзірге ауыл аймақтарын су басты деген ақпарат келіп түскен жоқ. Су тасқыны жағдайы тұрақты және үнемі бақылауда.
 
Қостанай облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы
коммуникациялар тобы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓