Гүлдестеден жасалған мүсіндер

Біраз уақыт көшелерді аралап, жан-жағыңызға қараңызшы. Гүлзарларда ақ гүлдер, сары гүлдер, қызыл гүлдер жайнап өсіп тұрғанын байқайсыз.
Мұның сыртында гүлдестелер де көрік беріп тұр. Сырбай Мәуленов атындағы көшемен ба-тысқа қарай жылжыңыз. Автокөліктер жүретін айналма жолдың ортасына "Шайшәйнек" орнатылған. Қос жағынан шай кеселер орын тепкен. Бұлар бояуы қанық гүлдермен көмкерілген.

Орталық саябақтағы субұрқақ маңы серуендеушілерден ешуақытта арылмайды. Субұрқақ кешкісін түрлі-түсті бояуларға бөленеді.
Сонымен қоса, саябақ іші де саналуан тас мүсіндерге толы. Бұлар – ертоқым, динозавр және басқалар.
Қостанай қаласын көріктендірумен айналысатын ұйымдар осынау игі істерге үнемі мұқият.
Суреттерде: гүлдестеден жасалған мүсіндер.