“Тобылда” – жаңа бапкер

Омари Тетрадзе қостанайлық "Тобылмен" бір жарым жылға келісімшартқа отырды. Ол 2 маусымда "Ордабасымен" өтетін ойында өз қызметіне кіріседі. Ойыншы ретінде Ресей, Грекия чемпионаттарының жүлдегері атанған. Жастар арасындағы Европа чемпионы деген атағы тағы бар. Италияндық «Ромада» да доп тепкен Омари Тетрадзенің бапкерлік мансабы 2006 жылдан басталады. Алдымен, "Крылья Советов", содан соң ресейлік "Анжи", "Волга", "Химки" командаларын жаттықтырған. Сондай-ақ, ол 2014 жылға дейін талдықорғандық "Жетісу" клубын дайындаған.
            Ол үстіміздегі жылы ресейлік "Енисей" (Краснояр) командасында қызмет еткен.
 
Қасқырбай Қойшыманов
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓