“Айфонға” айналған түбіртек

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының ұйымдастыруымен «Түбіртек талап ет те, сыйлық ұтып ал!» акциясы өтікізіліп жатыр. Алғашқы жүлдегер де анықталды.DSC_0044Акция мақсат – қазақстандықтарды дүкендерде сауда жасаған соң түбіртекті ұмытпай алуға ынталандыру. Мұның өз тиімділігі бар. Кассалық аппаратта көрсетілген деректердің негізінде тауардың нақты көлемін анықтап, салықтың мөлшерін белгілеуге болады. Сондай-ақ,  кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына жол берілмейді. Аталмыш акция 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында "Қазақтелеком" АҚ фискалдық деректер операторының «Таңдау» мобильдік қосымшасы арқылы өткізіліп жатыр.
Акцияның бір айлық қорытындысы шығарылып, арнайы тағайындалған сыйлық – "Iphone 7"  смартфоны өз иесін тауып та үлгерді. Ол Қостанай облысының тұрғыны Яна Борисовнаға бұйырды.
"Конкурс талаптары мені аздап таң қалдырды. Өйткені, талаптар өте жеңіл әрі қарапайым. Қосымша арқылы түбіртек суреттерін жіберген аса ыңғайлы. Тіпті қызықты! Мен барлығы 4 түбіртектің суретін жіберіппін. Мен үшін күтпеген тосын сый болды", – дейді акция жеңімпазы.DSC_0083
Акцияға қатысу үшін «Таңдау» ақысыз мобильді қосымшасы арқылы акцияға қатысушы деректерін және қолыңыздағы түбіртекті тіркеу қажет. Сондай-ақ, қосымшаны GooglePlay market және App жүйесі арқылы жүктеуге болады. Акция барысында қатысушылар арасында күн сайын 100 смартфон ойнатылады.
Көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында осымен бірнеше жыл қатарынан қолға алынған бұл акция республика көлемінде өтуде. Кірістер департаменті мамандарының айтуынша, кез келген жерде сауда жасағанда, тұтынушылардың дені сатушыдан түбіртекті сұрамайды. Ал, негізінде, заң бойынша толық құқы бар. Тіпті, 5 теңгенің тауарын алсаңыз да, чекті талап етуге ешкім кедергі бола алмайды.  
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓