Жырмен жолданған хат

Сталиндік қудалауды көрген қазақ баласы аз емес. Солардың бірі әулиекөлдік Қуандық Нұрғалиұлы еді. Ол қан майданда немістер тұтқынына түсіп, елге оралған соң тағы 25 жылға түрмеге жабылған. Жігіт шағын қараңғы қапаста жоғалтыпты…
Ол қару асынып, соғысқа аттанғанда 19 жаста болған екен. Балтық жағалауында әскерде жүрген жерінен 1941 жылы майданға алыныпты.  Тағдыр айдағанда, сол жылы-ақ жау қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Фашистердің Франция аумағындағы лагерінде соғыс аяқталғанша жатқан. Яғни төрт жыл бойы, басынан теперіш-тепкі  кешіреді. Жеңіс ұраны естілгенде ғана азат етіліпті.52c25c8dda77bf6b23998dccbc148e4e
"Соғыс біткенде көбісі Францияда қалып қойған ғой. Оған кеңес журналистерінің ақпараты әсер еткен. "Тұтқында болғандар 25 жылға сотталады" деген хабар қамыттан еді босап жатқан тұтқындарға оңай тисін бе? 40-тан асқандары: "Елге несіне ораламыз? Атып тастай ма, әлде түрмеде шіріп өлеміз бе, кім білсін?" – деп жан сауғалап, сонда қалыпты. Ал әкем "басым әлі жас қой" деп, ешкімнің қолқалауына көнбей, туған жерге қайтқан. Ол кезде 23-те екен", – дейді Мәлік Қуандықұлы.WhatsApp Image 2019-05-29 at 16.38.53
Ақыры, ауылға жетіп үлгертпестен Қуандық Нұрғалиұлын 25 жылға соттау бұйрығы шығады. 1946 жылы "Халық жауы" болып танылып, Украинаның Донецк облысындағы Горловка деген жерге жіберіледі. Мұнда өзі сынды көптеген тағдырласымен шахта жұмысына жегілген. IMG_9006 - копия (2)Кейінірек Саха Республикасының Калыма (Халыма) деген жеріне ауыстырылыпты. Қиырдан қиырға қаңбақша домалаған ғазиз бас Сталин өлгеннен кейін бір жылдан соң, яғни 1954 жылы ақталады. Ұзын-ырғасы, 8 жыл қызыл үкіметтің қапасында отырған.IMG_9006 - копия
Осы 8 жыл ішінде ол үйіне екі-ақ рет хат жолдапты. Әуелгісі 1946 жылы, соңғысын 52 жылы жазған екен. Екі хат та өлеңмен өрілген. Қолжазбаны балалары компьютерге теріп, шағын ғана кітапша етіп шығарыпты. Оқып отырсаңыз, көз алдыңызға тұтқынның басынан өткен бейнет елес береді:IMG_8996
     "…Еске түссе елдегі өткен өмірім,
     Аспанменен таласқандай көңілім.
     Міне, бүгін көрген қызық ұмыт боп,
     Қазып жүрмін Горловканың көмірін.
 
     Шахтамыздың тереңдігі үш жүз он,
     Суықтықты білдірмейді қысқа тон.
     Еркім болса, жұмысына бармас ем,
     Әр күніне берсе-дағы бес жүз сом"
 
немесе
 
     "Өткір тілім өтпей қалды майырылған,
     Ұша алмаймын, қанаттарым қайырылған.
     Алтыншы жыл мен бір жетім бейшара,
     Он сегізде ел-жұртынан айрылған", –
деп жазады. Ал екінші "Анама" деп аталған өлең-хатына:
     "Лагерьде жалғыз мен деп ойлап жүрме,
     Қасымда қазақтардан жолдасым көп",
деп, анасын бірде жұбатса, енді бірде:
     "Лагерьде олай-бұлай болып кетсем,
     Сұраймын, ақ сүтіңді кешіре гөр", – деп, үмітсіздікке бой алдырып, бақұлдасқандай болады.IMG_8999
 
IMG_9003"Шынымен де, әкем бұл лагерьден тірі ораламын деп ойламапты. "Осы кеткенім – кеткен" деп, үмітін біржола үзіп, жанның иесі ғана болып күн кешкен екен. Бірақ, көрер жарығы бар әкеміз елге есен-аман оралып, бала-шағасының қызығын көрді. Өмірден өкінішсіз өтті", – дейді Мәлік ағамыз.
Талай тауқыметті кешіп келген жансебіл бес бірдей бала сүйді. Зейнет жасына шыққанға дейін Әулиекөл ауданының Тимофеев ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет етіпті. Қазір қарияның өмірде өзі болмаса да, көзіндей болып балалары ұрпақ өрбітуде.WhatsApp Image 2019-05-29 at 16.45.04
Ал азалы шақтардан қалған өлең-хаттар – келмеске кеткен көмескі күннің күңіренісіндей, аталар кешіп өткен азапты жолдың бейнесіндей. Бейбіт күннің қадір-қасиетін еске салып тұратын ескерткіш іспетті.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓