Есірткімен ұсталды

ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті каннабистік топқа жататын есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар топты ұстады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.images
Атап айтқанда, 2018 жылғы 19 қарашада В.Бондуровский салмағы 19 келі 230 г болатын «марихуана» есірткі затын өткізу кезінде қолға түсті. Жауап алу барысында ұсталған адам кінәсін мойнына алып, есірткіні А.Чигаркиннен алғанын айтты.
2018 жылғы 20 қарашада А.Чигаркинді анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, одан сондай-ақ салмағы 3 келі 721 г «марихуана» есірткі заты табылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 22 кг 951 г.
2019 жылғы 6 мамырда Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Чигаркин ҚР ҚК 296-бабының 4-б. және 297-бабының 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға, В.Бондуровский ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды.  
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓