Ер адам бесінші қабаттан құлады
Қостанайда 1959 жылы туған ер адам бесінші қабаттан құлап кетті. Ақпаратты қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Марат Әбілқасымов растады. Оқиға бүгін түс уақытында болған.
«Ауыр дене жарақаттарымен 59 жастағы ер адам түсті. Ол ғимараттың бесінші қабатынан құлап кеткен. Оның жіліншігі мен жамбас сүйегі сынған», – деді Марал Әбілқасымов.