4 қабаттан құлап кетті
Оқиға 26 мамырда Қостанай қаласында болды. 1,5 жастағы қыз бала 4-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Тосын жайт Қобыланды батыр даңғылындағы №44 үйде болған.
"Сәбиді жедел жәрдем бригадасы Қостанай облыстық ауруханасына жеткізді. Жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Біз кезекті мәрте ата-аналарға ескертеміз: өтінеміз, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", – делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.