Жаңа тағайындау
Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте кадрлық өзгерістер таныстырылды. 2019 жылдың 3 мамырынан бастап ҚР АШМ қалалық аумақтық инспекциясының басшылығына Ерлан Уәлиханұлы Бижанов тағайындалды. Ол – Науырзым ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар, Қостанай мемлекеттік университетін ветеринарлық медицина және заң мамандықтары бойынша бітірген. 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын Науырзым ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің бас маманынан бастады. Бұған дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарды.