ПРЕЗИДЕНТ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА

Қостанайға жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей жастарының халықаралық форумына қатысуда.7abfdbb0-4c74-44c2-8862-1dc336c00f72
10e4fd47-643f-47af-b4e3-7a7fa6a1fe86Көршілес екі елдің белсенді жастары бас қосқан алқалы жиын жаңа ашылған Жастар сарайында өтіп жатыр. Мемлекет басшысы ең әуелі форум аясында ашылған жастардың инновациялық жобалары көрмесін тамашалаған болатын. Жас өнертапқыштар Президентке өздері ойлап тапқан өнер туындыларын таныстырған еді. Мәселен, Рудный индустриялық  институтының 2-курс студенті Нұржан Әбікенов смарт аяқ киімін жасап шығарған. Әзірше, өндіріс саласында ғана киюге арналған "ақылды" аяқ киімнің ұлтарағы арнайы қуаттандырғышпен жылытылады. "ССКӨБ" АҚ-да кеншілер 500 метр тереңдікте жұмыс істейді. Мұндай тереңдікте табаннан суық тез өтеді. Біз ойлап тапқан  смарт аяқ киім кеншінің аяғын бір тәулік бойы жылы ұстай алады. Негізі, ақылды аяқ киім Қытайда да бар, бірақ  қымбат. Кемінде – 15 мың теңге. Ал біздің смарт аяқ киімдердің құны – 5 500 теңге", – дейді өнертапқыш жігіт.
Форум барысында осы секілді Қазақстан және Ресей жастары мен жетекшілері ілкімді жобаларымен айтылды. Бірқатар белсенді жас сөз алып, облыста жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына, білім алуына, жұмысқа орналасып, табыс табуына мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті. Жалпы, форумда мәлім болғандай, Қазақстанда 200-ден астам еріктілер ұйымы тіркелген. Бүгінгі таңда елде 3000-нан астам ерікті жас бар. Әсіресе, оқушылар волонтерлығы дамып келеді. Шарада Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтің ерікті студенттер стипендиясының 30%-ке өскендігі де айтылды. Кезектесе сөз алған еріктілер ұйымы жетекшілері әсіресе әлеуметтік волонтерлықты дамыту маңызды екенін тілге тиек етті. Мұның сыртында, 2020 жылды "Жастар қозғалысын қолдау жылы" болсын деген ұсыныстар айтылды.
d6f16e12-506e-4463-8a1f-2e324741701f
b5b6cfa6-f481-4c23-95d3-19eee7b0879fПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің озық ойлы жастары ғылымда, ІТ-технологияда, мәдениет, бизнес және спортта – жалпы кез келген салада жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп жүргенін атап өтті.b0bd681d-f0fb-4f79-b83c-a59b61ec8aae
-Қазақстан жастары – білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда. Елбасы, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған биылғы Жастар жылы өскелең ұрпақтың бүгіні мен келешегіне тың серпін беріп, жастардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік туғызады. Мен президент ретінде еріктілер қозғалысын қолдаймын. "2020 жылды "Жастар қозғалысын қолдау жылы" болсын" деген бастамаға да толық қолдау білдіремін. Виктор Цойдың тілімен айтсақ, ерікті жастардың ісі – әжімге қарсы дәрі, –  деді Мемлекет басшысы.10cec090-104c-4a67-945c-b37067564bed
Сондай-ақ, ол волонтерлік туралы заң қабылданып, еріктілер мәртебесі заңдастырылатынын мәлімдеді.f0b6da55-93e8-4fc6-b68f-e989cadda7ee
Қ.Тоқаев сөз соңында "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы тағайындалатынын, бұл екі ел жастарын патриотизмге ынталандыратынын айтты. Шара қорытындысында Президент жастармен естелік суретке түсті. 39435e28-943a-446d-88ef-61fe73acaba9
8fd0a3ab-9255-4375-bc2a-334588a7ff03
4b694615-f930-4e58-b611-cb3977e0be19
048fe58c-106f-4733-8bdf-0f99bd192a43
 
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓