Орталыққа – оң баға

Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қостанай қаласы әкімдігінде ашылған iKomek орталығында болды.IMG_3041 Елбасы тапсырмасына сай облыс орталығында аталған жобаның жүзеге асырылғаны белгілі. Қостанайлықтарға 109 бірегей нөмірі арқылы қызмет көрсететін мемлекеттік мекемеде 28 маман жұмыс істейді. Мұндағы 1-ші желі (4 оператор) қала тұрғындары мен қонақтарынан қоңыраулар мен өтініштерді қабылдайды. 2-ші желі жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО және ведомстволық ұйымдар) сапаны бақылау және өзара іс-әрекетке жұмылдырылған. 3-ші желі – тікелей орындаушы 198, соның ішінде 46 мемлекеттік орган, ведомстволық бағынысты және мердігерлік ұйымдар, 84 ЖПИК, 2 лифт шаруашылығы және 66 білім беру нысандарына жауапты. Бұл арада тұрғындарға мыңнан астам қызметтен тұратын каталог әзірленген. Мекеме ТКШ, тұрғын үй қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру, АХАТ, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, ветеринария бағыттары бойынша қызмет атқарады.
13 мамырда ғана іске қосылған орталық осы уақыт аралығында тұрғындардан 1700-ден астам қоңырау қабылдап, оның 748-не  операторлар тұщымды жауап беріп, 952 өтінішті жүйеде тіркеген, соның 548-нің орындалғанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, ҚР президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша халықпен өзара іс-қимыл және кері байланысты жақсарту үшін әлеуметтік желілердің автоматты мониторингі енгізілді. іKomek орталығының басты мақсаты – тұрғындардың 90%-ға дейінгі сұрақтарын қашықтықтан жедел деңгейде шешу, осылайша халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру. Аталған қызметтік кешен елордадағы iKomek бақылау және жедел әрекет ету орталығының үлгісінде құрылған болатын. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашық кедергiсіз кеңістікте бір терезе қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету жүйесімен жұмыс істейді. iKomek орталығының негізгі қызметі – тұрғындар өтініштерін қабылдау, коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру. Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап «109» бірыңғай нөмірі енгізілген. Кейін коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылды. Шағын орталықта 4 әкімшілік  қызметкері мен 8 оператор жұмыс істейді.
Осы уақытқа дейін 40-тан астам мемлекеттік органда, халыққа қызмет көрсететін ведомстволық және мердігерлік ұйымдарға тексеру жүргізіліп, барлығы 1000-нан астам қызмет іріктеліп, тиісті регламент әзірленген.davdavsdr
dav

dav

Мемлекет басшысы орталық жұмысына оң бағасын берді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңіріміздіңдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бір топ бизнес, медицина, үкіметтік емес ұйым, білім саласындағы азаматтарды Президенттің Алғыс хатымен марапаттады. Олар С.Блок, С.Щегельская, А.Мұқанов, Т.Қайкенов, Д.Өтебаевалар.
dav

dav

Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓