Науырзым ауданына 50 жыл
Биыл Науырзым ауданының құрылғанына 50 жыл. Осы датаға орай арнаулы энциклопедия жарыққа шықты. Кітап авторы Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері Бақытжан Нұғманов.
Автор өз еңбегінде өткен жылдарды саралап, сараптаған. Бұрын Науырзым ауданы Әулиекөл, Октябрь және Аманкелді аудандарына қараған. Кейін жаңа аудан құрылды.
Ауданның тарихы туралы жазу оңайға түспеген. Онда аудан басшылары, шаруашылық серіктестіктері және ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен адамдар, көпбалалы аналар жайында жазылған. Автор бүгінде өмірде жоқ адамдар жайында жазу оңай болмағанын айтады. Олар жайында деректерді, тарихтан сыр шертетін фотосуреттерді табуға туыстары мен жақындар көп көмек беріпті.
Кітап Қостанай қаласында басылып шығарылған. Ал тұсаукесері 19-20 қыркүйекте Л. Толстой атындағы кітапханасында және Қарамеңді ауылы мен Астана қаласында да өткізілу жоспарланған.
Айтолқын Айқадамова