Балалар үйі салынады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиеваның айтуынша, 2020 жылға қарай елімізде отбасылық типтегі 9 үй мен ауыл ашылады.
Бүгінде Қазақстанда 16 балалар үйі мен отбасылық типтегі 11 балалар ауылы жұмыс істейді. Онда 700 шақты бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, Балалар құқығын қорғау комитеті төрайымының айтуынша, республикада кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заңнамалық база құрылды.
Гүлназым Сағитова