Армысың, майдангер!

UOS9 мамыр – Жеңіс күні, ұлы мереке! Көзге жас үйіріліп, көңілді мұң басатын, ұрыс даласында қаза болған қайран боздақтарды еске алып, тағзым ететін, ортамызда жүрген ардақты ардагерлер құшағын гүлге толтырып, мерейін үстем ететін күн.

Төрт жыл бойы бақайшағына дейін қаруланған қас дұшпанға қақырата соққы берген кімдер еді? Жеңіс күнін жақындату үшін жан аямай тылда тер төккендер кім еді? Олар бүгінгі ұрпақтың әкесі мен атасы, анасы мен әжесі. Олар  өздері көрмеген ұрпағы үшін, бүгінгі өміріміздің мәні мен сәніне айналған немере, шөбере, шөпшектері үшін омырауларын оққа тосты, жауды тас-талқан етіп жеңді, Жеңіс туын желбіретті.

Бүгінгі ұрпақ сол қас батырларға қарыздар, солардың алдында бас иеді.

Мына суретте жеңімпаз жауынгерлердің бір тобы бейнеленген: Қажи Маманов, Нұрша Хакімов, Молдағали Жүнісбеков, Балтабай Қазиев.

Ардагерлеріміздің алды жүзге жақындады, соңы тоқсанды ал-қымдады. Денсаулық та сыр береді. Бірақ біздің құрыштан құйған құдірет – ардагер ағаларымыздың өмірге құштарлығы, олардың отансүйгіштігі, жігер-күші ешқашан бәсең тартпайды. Алдыңғы тол-қын ағалар көрсетер өмірдегі үлгі-өнеге ұшан-теңіз.

Аман болшы, ардагер! Жеңіс күні құтты болсын!

Сәлім

     МЕҢДІБАЙ

Коллажды жасаған Бағдат Ахметбеков.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓