Еске алу эстафетасы – Денисовта!
Лисаков қаласының делегациясы Әскери Даңқ кітабын Денисов ауданына табыстады. Аталмыш іс-шара "Еске алу эстафетасы" жобасы аясында өткен болатын.
Эстафетаны табыстау салтанатына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Укин, облыс-тық мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Г.Меңдікенова, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Ж.Қожахметова және Лисаков қаласының делегациясы қатысты. Іс-шарада Әскери Даңқ кітабының маңызы туралы айтылды. Ардагерлерге сый-құрмет жасалып, көрермендердің назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
"Еске алу эстафетасы" жобасы Қостанай облысының аумағын қамтитын болады. Жылдың басында бастау алған жоба келесі жылдың мамыр айында аяқталмақ. Осынау бастаманың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы азаматтардың ерлігін насихаттау және патриоттық рухты ояту. Әскери Даңқ кітабы Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейтойына арналған болатын.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте: іс-шарадан көрініс.