Екінші ауысым 30 минуттан оқиды
Ауа райына байланысты Қостанайдағы мектептерде екінші ауысым сабақтары қысқартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай қаласы білім бөлімінің қызметкері Марал Исаханованың айтуынша, сабақтар уақыты 30 минутқа дейін қысқартылмақ.
«Қостанайлық ауа райын болжаушылар берген мәліметке сәйкес, температура -25 градусқа дейін түседі. Сол себепті, барлық мектептердің директорларына сабақтардың уақытын қысқарту туралы ұсынымхат жіберілді», – деді Исаханова.
Айта кетейік, бүгін түнде Қостанай облысында ауа температурасы -35 градусқа дейін суытады деп күтілуде.