Ерек жоба – EGİSTİK

Елде егістік алқаптарды ғарыштан бақылайтын Егістік.кз жобасы іске қосылды. Назарбаев Университетінің жас ғалымдары ойлап тапқан бұл инновциялық стартап жоба арқылы шаруалар үйінен шықпастан алқаптардың жағдайын қадағалай алады. Бұл жайында "Хабар 24" тілшісі жазады.егистикБұл құрылғы кез келген уақытта өскіндердің тығыздығын, тыңайтқыштардың шоғырлануын, топырақтың ылғалдылығын және басқа да көп жағдайлар туралы бар мәліметті қашықтықтан біліп отырады. Egistic.kz – агрономдарға немесе агробизнес иелеріне арналған, ең аз шығынмен егіншіліктен барынша пайда алуға мүмкіндік беретін кешенді шешім. Енді даладағы жағдайды бақылау үшін үлкен аумақты айналып өтудің қажеті жоқ. Дәл қазір әрбір шаруа оның қалай жұмыс істейтінін көре алады.Ол үшін тек Egistic.kz платформасына кіру керек. Алқаптың кадастрлық нөмірін енгізіп, ылғалдылық, вегетация, азот көрсеткіштері сынды  деректерді тегін алуға болады.
Мұның артықшылығы көп. Мысалы, 5 мың гектар жердің жай-күйін талдау фермерге жылына 7 мың теңгеге ғана түседі. Бағдарлама қардың қалыңдығына және ауа райының болжамына дейін кең ақпарат бере алады. Бұл тиімділікті оңтайлы пайдалануға ниет білдіргендер де артып келеді. Айталық, аталған сайтқа 200 қолданушы тіркелген. Оның 70-сі өз кадастрын енгізген. Олар сол арқылы алдыңғы жылғы болған оқиға бойынша өзінің егістік алқабын да тексере алады.
Бүгіннің өзінде елдің әр өңірінде 30-ға жуық шаруа қожалығы осы жүйені пайдаланады. Жыл ішінде-ақ олардың саны бірнеше есеге көбеюі мүмкін. Сонымен қатар, жоба авторлары көрші елдердің нарығына  да шығуды жоспарлап отыр. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓