Қостанайда алғаш рет халықаралық көне дәуір фестивалі өтеді

Ол қала күні қарсаңында, 19-20 тамызда думандатылмақ.
Тур Хейердал атындағы «Desht Thor» көне технология және мәдени коммуникация фестивалі Қостанай облысында жыл сайын өтеді. Биыл алғаш рет Қостанай қаласы локация есебінде таңдалып отыр. Келушілерге ежелгі киіз басу, тігіншілік, зергерлік өнер ерекшеліктерін, көне киім-кешек пен артефактар ұсынатын әртүрлі алаңдар жұмыс істейді.– «Desht Thor» бірінші күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде, ертесіне «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» жағалауында өтеді. Ал 27-28 тамызда Лисаковтағы Жоғарғы Притобол тарихы мен мәдениеті музейінде онлайн форматында жалғасын таппақ, – дейді археолог, ұйымдастырушы Эмма Усманова.Фестиваль бес жылда әлемнің 20 елінен келген 2 мың адамның басын біріктірген. Ежелгі тарих, археология, өнер және тағы басқа салалардың 170-тен астам сарапшысы қатысқан.Фестиваль бұған дейін Лисаков қаласында және Бейімбет Майлин ауданында өткен. Пандемияға байланысты соңғы екі жылда онлайн режимінде ұйымдастырылды. Толық ақпаратты www.desht-thor.webtraining.education сайтынан алуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓