БЕС ЛИТР ШҰБАТ

2001 жылы Алматы қаласында тұңғыш рет Республикалық әзіл-сықақ байқауының тұсауы кесілді. Сайысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен тілінің қотыры бар театрлар мен қалжыңбастар қатысты. Әділ-қазылар алқасына қазақ сатирасына еңбегі сіңген, әзілдің қаймақтары марқұм Құдайберген Сұлтанбаев, Лида Кәденова, Бауыржан Ибрагимов бастаған серкелер отырды. Осы байқауда «Екі Езу» сатира театры жүлделі орынды қанжығасына байлап, Ақтөбенің абыройын көтеріп қайтты. Өкінішке орай бұл жоба әрі қарай тоқтап қалды. 20170911175841Айтайын дегенім, сайыстан соң қонақ үйге шашы аппақ, көзінде көзілдірігі бар, орта бойлы қария театрды іздеп келді. Бастапқыда танымай қалдық. Әңгімелесе келгенде сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов болып шықты. Жазушының аты-жөнін  бала кезімізден білеміз,түрі есімізде сақталмапты. Бұл кісі сахнаға шықпайтын, теледидардан жылтыңдамайтын сықақшы. Көсіліп көп сөйлемейді. Айтса шығып алады. Үнемі жастардың көзқарасын қолдайды. Кейбір ата сақалы аузына түскен сатириктер құсап «Анау ұнамайды, мынау күлдіре алмады, баяғы «Тамаша» жақсы еді» деуден аулақ кісі. Төрт қабырғадан шықпай, өз ауласынан әрі аса алмаса олар нені түсінеді? Қазір әзіл түгілі ән де өзгерді. Әр заманның өз стилі бар. Міне, осыны С.Кенжеахметов түсініп кетті.870864d8f46ea7ed0ae5000d2ad75a
Содан бізді қонақ үйдің жанындағы шәйханаға шәй ішуге шақырды. Жүрегі қазақтың қазынасына толып тұрған Сейіт ағамызбен екі сағат әңгімелесіп, терлеп шәй іштік. Ол кісі екі күн бойы сайыста сыншы болып отырған екен. Біздің жігіттердің сахнадағы ойнағаны қатты ұнапты. Менің жазған әзілдеріме жоғары баға берді. Актерлерге өзінің «Жиған-терген» кітапшасын таратты. Ақылын айтып батасын берді. 
Осы кездесуден кейін біздің арамыздағы достығымыз қоюлана түсті. Арқаға барғанда үйіне қонаққа шақырды. «Қазақ халқының тұрмыстары мен мәдениеті» туралы шығарған бес томдық үлкен кітабын сыйға тартты.
Бір сөзінде ол әкесі Кенжеахмет туралы әңгіме қозғады.
"Әкем Кенжеахмет дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі:
– Кенеке, дүниеге кедей екенсің ғой,- депті.
– Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың, -деп жауап берген болатын", – деді. Қандай тауып айтылған сөз. Кейін Сейіт аға Ақтөбенің Ырғыз селосынан келін түсірді. Құда  болып келгенде Ақтөбеге соқты. Шұбат ішкенді өте жақсы көреді. Өзінің замандасы сықақшы Төрежан Мәндібайды іздеп барады. Сатираның екі бірдей атасының ұлағатты сөздерін тыңдап, қастарында біз жүреміз. Жыл сайын қалаға үзбестен келіп тұрды. Кетер кезде міндетті түрде бес литр шұбатты вагонға салып жіберемін. Еліне жеткенше ішіп барады. Соңғы рет келген сапарында біздің үйде болды. "Пойызға дейін танысымның үйіне барып келемін, маған шұбатты теміржол вокзалына жеткіз", – деді. Өкінішке қарай, мен пойыздың уақытынан жаңылысып, кешігіп бардым. Пойыз жүріп кетіпті. Сейіт ағама бес литр шұбат бұйырмады. Сол жылы аяқ астынан көз жұмды…Без названия (3)
Көненің көзін сыр сандығына жиып, кейінгі ұрпаққа кітап етіп қалдырған көзі ашық қоғам қайраткерінің 80 жылдығына өзінің туған жері Арқалық қаласы, мамыр айында «Мірдің оғы» атты аймақтық әзіл-сықақ фестивалін ұйымдастырып жатыр. Біздің театрға арнайы шақырту қағазы келді. Бұйыртса, барып қатысамыз.
 
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
ҚР Мәдениет қайраткері
Жазушылар одағының мүшесі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓