12 мың бала жазғы демалыспен қамтылады

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.
52defd9ff9c2e51e5a1d048466d5b91f_crop_l_99_t_264_w_2114_h_1189_resize_w_600_h_315
 «Сонымен қатар балаларды құқықтық тәрбиелеу де үлкен маңызға ие. Барлығымыздың алдымызда тұрған басты міндет – жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жазғы маусымға дайындалу барысында барлық өңірлерде лагерьлерді қабылдайтын жергілікті әкім орынбасарларының төрағалығымен ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына санэпидемиялық, өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері кірді», – деп атап өтті Марат Қонысбайұлы.
Биыл өңірде қала сыртындағы 12 лагерь жұмыс істейтін болса, оның 2-ы-жекеменшік иелігінде. Бұдан өзге мектеп жанынан лагерь, шатырлы лагерьлер өз жұмысын бастайды. Облыстық білім басқармасы басшысы В.Цымбалюктің мәліметінше жазғы демалыспен оқушылардың 90 пайызы, яғни 12 мың бала қамтылады.
Балалардың жазғы демалыс орындары 1-маусымға дейін жүз пайыз дайын болуы керек деген тапсырма жүктеді облыс әкімінің орынбасары. Сонымен қатар, демалыс лагерьлерінде қауіпсіздік шаралары да қатаң бақылау да болуы керек. Оған тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметінің өкілдері де әзір екендерін жеткізді.182813430.402822670
Сондай-ақ, мәжілісте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды қаржыландыру мәселесі де сөз болды. Биыл осы мақсатта бюджеттен 32 миллион қаржы бөлініп отыр. Мәселен, бес лагерьге жөндеу жұмыстары қажет етіп отыр. Қостанай ауданы, Жанкелдин, Денисов, Әулиекөл аудандары мен Лисаков қаласындағы «Алый парус» балаларды сауықтыру орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен қаражат қажет. Сонымен қатар, аппарат кеңесінде су жіберу және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы да айтылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓