Жәрмеңкеге бардың ба?
Қала орталығында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне халық бұрынғыдан көп жиналды. Онда саудаланып жатқан азық-түлік көлемі де біршама артқан. Әрі жергілікті тұрғындарға сөрелердегі өнімнің бағасы да тиімді болды. Мәселен жылқы еті мың бір жүз теңгеге бағаланса, сиыр еті сегіз жүз елу, тоғыз жүз теңгенің шамасында. Сүт өнімдері базардағы бағадан жиырма бес пайызға төмен. Бір литр сүт жүз жиырма, май бағасы үш жүз елу теңгеден саудаланды. Бір келі картоп ж етпіс, сәбіз сексен теңгеге сатылды. Балық бағасы екі жүз, үш жүз теңгеге жуықтаса, шұжық өнімдері алты жүз, сегіз жүз теңге, Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов қатысты. Сауда нүктелерінің жай күйімен танысты. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне баға көлемінінің тұрақтылығын қамтмасыз етуді тапсырды.
Айбек Жүзбай