Науырзым қорығы өртенді
Қостанай облысының Наурызым қорығының аумағында орман алқабы өртенді.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 11 мамырда Науырзым ауданында Қарамайшы шатқалында болған.
«Алдын ала болжам бойынша, орман алқабының 10 гектар аумағы өртенген. Өрттің таралу қаупі жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда»,- делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Өртті сөндіруге облыстың ТЖ департаментінің және Науырзым қорығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Тағы бір ірі табиғи өрт Қарабалық ауданы Есенкөл ауылында болды. Михайлов орман шаруашылығы мекемесінің аумағында құрғақ шөп өртенді. Өрттің нақты себептері анықталуда.