Кісі қолынан қаза болды
Қостанай облысы Таран ауданында ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс". Бұл мәліметті Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері растады. Оқиға 2 мамырда шамамен түнгі уақытта болған. Таран ауданының 40 жастағы тұрғыны Жамбаскөл ауылының 32 жастағы тұрғынын пышақпен жарақаттаған. Зардап шеккен ер адам көз жұмды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.