Балабақшадан ер адамның мүрдесі табылды
Лисаков қаласындағы "Нұрлы жол" балабақшасының аумағында ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы lisakovsk.kz. сілтеме жасап, "КН" сайты хабарлайды.
(Сурет "КН" сайтынан алынды)
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 26 жастағы марқұм осы қаланың тұрғыны. Оның өлі денесі 7 маусым күні, таңғы саға 05:40-та табылған. Полиция қызметкерлерінің дерегіне сүйенсек, олар жедел іздестіру барысында 32 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол да Лисаков тұрғыны, бұрын сотталған.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 99 бап, 1-тармағына сәйкес кісі өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша қамауда.