Тарихқа тағзым

Бүгін І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жорықты жылдардың жігерлі жырлары» атты реквием қойылды. Бұл туынды – қан майданда шейіт болған боздақтардың рухына, тылдағы халықтың ерен еңбегіне жасалған тағзым. Өзегі – Қостанай облысының екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тарихы.IMG_2210
IMG_2247Театрланған қойылым соғыс жылдарындағы облыс халқының шеккен бейнетін, жауды жеңуге қосқан үлесі жайлы баяндайды. Майдандағы жауынгерлердің басынан өткен оқиғалар да суреттеледі. Басты ерекшелігі – шығармада қостанайлық майдангерлердің аты-жөндері, олар туралы шынайы деректер қолданылған. Авторы – театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Мауданов. Бұл – оның күрделі жанрда қойылып отырған алғашқы туындысы. Режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан.IMG_2230
 
IMG_2236
IMG_2235
IMG_2280
IMG_2319
IMG_2361
IMG_2370
IMG_2312
IMG_2302
IMG_2377
IMG_2399
IMG_2403Қойылым барысында қаһарлы жылдары туған, халыққа рух беріп, үміт сыйлаған, көңілін демдеген әндер жанды дауыспен шырқалды. Әртістердің әншілік қабілеті, олардың үндерінің үйлесімі де көрермендерді ерекше тәнті етті. Мәселен, труппаға сәтті өнер көрсеткені үшін алғысын білдіргелі сахна төріне шыққан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов: 
"Реквием көрерменге түрлі ой салады. Тарихи мәліметтерді молынан қамтыған. Жанды дауыста шырқалған әндер жүрек тебірентті. Сондықтан, Жеңіс күніне арналған бұл қойылым театр әртістерінен құрылған камералық хордың ресми ашылуы деп есептеймін. Әрине, әу демейтін қазақ жоқ, бірақ, өздеріңіз байқаған шығарсыздар, біздің труппамыз шетінен әнші…" – деді.IMG_2435
 
IMG_2424
IMG_2426
IMG_2425Айта кету керек, мәдениет басқармасының қолдауымен, театр жанынан хор ашуға дайындық өткен жылдың соңына таман басталған. Әлия Баймахан қойған «Әнім сен едің» /Шәмші тамшылар/ спектаклі соның алғашқы қадамы іспетті болған еді. Музыка маманы Салтанат Жақаеваның әзірлеуімен хор репертуары үнемі толығумен келеді. Бұл бағыттағы ізденіс әлі де жалғасын таба бермек.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

1 Response

  1. Айдос айтты:

    Театрдың қазіргі қойылымдары сұмдық! Әртістері де шеттерінен шебер. Керемет қойылымдарыңызбен көрермендеріңізді қуанта беріңіздер! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓