Биылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтылады. Грант иелерінің тізімі ресми БАҚ-та жарияланды.
грантАйта кетейік, 2014-2015 оқу жылында 34165 грант, оның ішінде 2530 орын ЖОО даярлық бөлімдеріне, 31635 грант 1 курсқа түсетіндер үшін (күндізгі бөлімге 31135, сыртқы бөлімге 500 грант). Техникалық ғылымдар мен технологияларға 12600 мың, педагогикалық мамандықтарға 5864, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2670 грант бөлінді. Колледжді бітіргендерді қолдау мақсатында қысқартылған оқу түріне 2875 грант қарастырылды. Білім грантын тағайындау конкурсына 69624 талапкер қатысуда. Конкурсқа қатысушылардың арасында 1732 «Алтын белгі» иегері, 322 Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлегі, 179 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, 921 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпазы, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпазы қатысты. Олардың білім грантын тағайындау кезінде басым құқықтары бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓