Сарыкөлге жұмыс сапарымен келді
Кеше облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Эльдар Күзенбаевпен бірге Ұзынкөл-Сарыкөл бағытындағы салынып жатқан республикалық автомобильдік жолдардың жұмысымен танысып, өңірде іске асырылып жатқан су құбыры құрылысының қарқынын бақылап, қайтадан қалпына келтірілген Урицк орта мектебін және жаңадан бой көтерген «Батыр» стадионын аралады.

-Егер, Сіздерде жұмыс қарқыны үнемі осылай жүріп жатса, бұл жақсы, – деп облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман көзбен көрген жұмыстарға жалпылама жақсы баға беріп, «Ұлан» МКМ-нің басшысы Сергей Белошицкийден мекеменің атқарып жатқан жұмыстарының ауқымды түрлерін толығырақ сұрады.
Сондай-ақ, іс-сапарында Евгений Аман Урицк орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жақсы бағалап, осы қарқынды құрылысты жүргізген «Гренада» басшысы Анатолий Громченкоға алғыс айтты. Және жаңа стадиондағы дайындалып жатқан мектеп оқушыларымен де пікрлесіп, оларға Сарыкөлде тамаша стадионның барын еске салып, әрдайым спортпен дос болыңдар деген ақжарма тілегін білдірді.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы