Дін және жастар

Аудандық ішкі саясат бөлімі жастардың дінге деген көзқарасын білу мақсатында анкеталық сұрақ-жауап өткізген блатын. Сан түрлі сұрақты қамтыған сауаланамаға аудан бойынша 120-дан астам өскелең ұрпақ өкілдері қатысты. 
 
саулнамаСарыкөл атырабын аралаған ауқымды шараның нәтижесінде дінге сенетін жастар – 63 %, мүлдем сенбейтіндер – 10 %, күдікпен қарайтындар – 17 %, тіптен  жауап беруден жалтарғандар – 10 %-ды құрады. Ал,  солардың ішінде барлық салтты сақтайтындар – 27 % , дәстүрді дәріптемейтіндер, бірақ дінге сенетіндерді  сыйлайтындар – 50 %, жауап  бермегендер – 23 %  көрсеткіштерді көрсетті. Сондай-ақ, «Өзіңнің дінін қандай?» – деген сауалға – 60 %-ы Ислам десе, 40 %-ы Православие деп жауап берген. Жалпы, діни бірлестіктерге баратын жастардың саны  – 23 %-ға дейін жеткен.
Мінеки, жастардың діни сауаттылығын тексерген сапалы суалнамалар Сарыкөлде алдағы уақытта жалғасын таппақ…
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓