Жүз шақты үй өртенді

4-5 мамырда болған өрт оқиғалары туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Без названия
5 мамырда Жітіқара ауданындағы "Мичуринец" бақшалық қоғамында құрғақ шөп тұтанып, 20 гектар жерді өрт шарпыды. Өрши келе саяжай үйлеріне тиген. Ұзын саны 72 үй тілсіз жау құрсауында қалған. Абырой болғанда, жапа шеккен адамдар жоқ. Өрт себебі анықталуда. 
Осыған ұқсас оқиға 4 мамырда Лисаков қаласының "Урожайный-2" бақшалық қоғамында болды. Мұнда 16 саяжай үй өртенген. Алау шарпыған ауқым – 96 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
4 мамырда Рудныйдағы №9 бақшалық қоғамда 10 саяжай үйі өртке оранды. Өртті сөндіру кезінде саяжай учаскесінен 1954 жылғы азамат құтқарылып, ауруханаға жөнелтілді. Оның бетін, денесінің жоғарғы, төменгі бөліктерін күйік шалған және ыстан уланған. Оның қазіргі жағдайы орташа. 
Жалпы, өрт салдарынан 98 саяжай үйі жанып кеткен. Ведомство мәліметінше, олардың барлығында да адамдар тұрмаған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓