«Аула» іске қосылды

Лисаков қаласында «Аула» бағдарламасы бойынша шағын аудандарды абаттандыру жұмысы басталды.46793007_w0_h0_img_20160625_105705
Қазіргі таңда кеншілер қаласында ойын мен спортпен айналысуға арналған 10-нан аса аулалық алаң бар. Олардың басым бөлігі әбден тозғандықтан жөндеуден гөрі ауыстырған тиімдірек.
Барлық елді мекендерге тән мәселе әкімнің тұрғындармен кездесуінде сан мәрте рет көтерілді. Дегенмен шешім биыл табылғандай. Жуырда қалалық әкімдік үш жылға арналған «Аула» бағдарламасын әзірлеп, іске қосты.
Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 50 млн теңге бөлінді. Қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Надежда Патрикееваның айтуынша, бұл қаражатқа бес шағын ауданға балалар алаңдары мен кіші архитектуралық пішіндер орнатылмақ. Сонымен қатар жасыл желекті ретке келтіру, ағаш отырғызу, аулалық жолдарға асфальт төсеу, жиектастарды ауыстыру, жарықтандыру, орындықтар орнату жұмыстары да қолға алынады. Қазіргі таңда жаңартылатын аумақтарға бейнебақылау камереларын қою мәселесі де қарастырылуда. Өйткені, өкінішке орай, қолда бардың қадірін кейбір азаматтарымыз біле бермейді. Бұдан бөлек бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай игі іс шаһардың басқа да шағын аудандарында жалғаса бермек.
Шенеунік негізгі абаттандыру жұмыстарын Қала күніне дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓