«Дөңгелеуге» дайын

Рудныйдағы атышулы шолу дөңгелегі 1 мамырдан бастап іске қосылады.колесо рудныйй
Сенбі күні «Достық» саябағының әкімшілігі мен «АлатауГорСтрой» серіктестігің өкілдері барлық сынақтан сәтті өткен аттракционды тұрғындарға тұңғыш рет тегін мінгізді. Айтуларынша, 42 метр биіктіктен облыс орталығы көрінбегенімен, Рудныйдың жеке тұрғын үй секторы, Тобыл өзені мен өнеркәсіптік аймаққа тамаша көрініс ашылады.
Шолу дөңгелегі 10 минутта толық шеңбер жасайды. 24 кабинаның әрқайсысының жүк көтерімділігі 350 кг, яғни 4 орын 2 ересек пен 2 бүлдіршінге шақталған. Бағасы да қолжетімді – 400-500 теңге.
Айта кетейік, аттракционда жел жылдамдығын өлшейтін арнайы құрал орнатылған. Дауыл күндері және -10 градустан төмен температурада жұмыс уақытша тоқтатылмақ. Жаңа нысан қаланың сәулетіне сән қосып қана қоймай, оның инвестициялық тартымдылығын арттырады деп жоспарланып отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓