«Мас жүргізуші – қылмыскер»
Қостанай облысында 25-27 шілде күндері «Мас жүргізуші – қылмыскер» шарасы кезінде 100- ден астам жол ережесін бұзу деректері тіркелді.

Сондай-ақ, жылдамдықты шектен тыс асырған 198, қарсы бағытқа шыққан 2, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 5 автокөлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оның сыртында 200 тұрғынға қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін хаттама толтырылған.
Шара барысында өңірде 3 жол апаты салдарынан 2 адам бақилық болып, 1 адам ауыр жарақат алғаны белгілі болды.
Мешіт Ғазиз